Қазақстандық тарихи файтерге UFC келісімшарты үшін өткен финалдан кейін қолдау білдірілді

Жекпе-жек
NUR.KZ
Қазақстандық файтер Алиби Идирис UFC-дің ең мықты лигасына жолдама алу мүмкіндігін жіберіп алды. Ол The Ultimate Fighter финалында америкалық Джозеф Моралеске екінші раундта «үшбұрыш» әдісімен жеңілді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл нәтиже қазақстандық жанкүйерлер үшін ауыр тигенімен, Идирис өз өнерімен ерекше әсер қалдырды. Оны қолдап, жігерін қайрамағандардың қатарында еліміздегі ең ірі промоутерлік ұйым – Naiza Fighting Championship басшысы Нұрбек Қарабала да бар. Ол Instagram парақшасында:
“Егер бес жыл бұрын аялдамада алғаш кездескен сәтімде бүгін сен финалда жеңіліс табасың десе де, өз таңдауымды өзгертпес едім. Сен бізге Naiza-да да, бүгін де ерекше эмоциялар сыйладың. Иә, біз ұтылдық. Бірақ мен бұрынғыдан да сенімдімін: бұл сені күштірек етеді. Қолыңды көтер, бауырым, жекпе-жек жалғасуда!” – деп жазды.
Айта кетейік, Алиби Идирис – UFC тарихында TUF финалына шыққан алғашқы қазақстандық файтер.