«Барыс» жаңа бас бапкерін таныстырды – Михаил Кравец клуб тізгінін қолға алды

«Барыс» жаңа бас бапкерін таныстырды – Михаил Кравец клуб тізгінін қолға алды
Хоккей

Барыс ХК

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресми түрде жаңа бас бапкерін жариялады. Bassport.kz хабарлағандай, команданың тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец ұстады. Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалып, бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Михаил Григорьевич Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. ҚХЛ-де ол бұған дейін «Витязь», «Амур», «Авангард» және «Куньлунь» командаларын басқарған тәжірибелі жаттықтырушы.

Алдыңғы маусымда командадан күткендей нәтиже болмағандықтан, Ғалым Мәмбеталиевпен келісімшарт үзілді. Өткен маусымдағы көрсеткіштер қанағаттанарлықсыз деп танылған.

2025/26 маусымына арналған «Барыстың» жаттықтырушылар штабы:

• Бас бапкер – Михаил Кравец

• Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов

• Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков

• Қорғаушылар жаттықтырушысы – Евгений Королев

• Дене дайындығы бойынша бапкер – Денис Малинин

• Видео-бапкер – Сергей Тамбулов

Жаңа маусым қарсаңында «Барыс» жанкүйерлерінің үміті зор. Клуб басшылығы бапкерлік құрамды жаңарту арқылы команданың ойын деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.