“Алтын доп” үміткерлерінің жаңа рейтингі жарияланды

“Алтын доп” үміткерлерінің жаңа рейтингі жарияланды
Футбол

Sport24

Zonal Sports порталы “Алтын доп” жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz. Қызығы, “ПСЖ” және Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппе алғашқы ондыққа да кірмей, тек 14-орынға тұрақтаған.

Рейтингтің көшін “ПСЖ” шабуылшысы Усман Дембеле бастап тұр. Одан кейін “Барселонаның” жас таланты Ламин Ямаль мен бразилиялық жартылай қорғаушы Рафинья орналасқан. Төртінші орында — “ПСЖ” ойыншысы Витинья, ал үздік бестікті “Ливерпуль” капитаны Мохамед Салах түйіндеді.

Топ-10 құрамына Жоау Невеш, Ашраф Хакими, Педри, Роберт Левандовски және Нуну Мендеш те енді. Айта кетерлігі, үздіктер қатарында “ПСЖ” мен “Барселона” футболшылары басым.

Zonal Sports нұсқасы бойынша “Алтын доп”-2025 үміткерлерінің үздік ондығы:

1. Усман Дембеле (Франция, ПСЖ)

2. Ламин Ямаль (Испания, Барселона)

3. Рафинья (Бразилия, Барселона)

4. Витинья (Португалия, ПСЖ)

5. Мохамед Салах (Египет, Ливерпуль)

6. Жоау Невеш (Португалия, ПСЖ)

7. Ашраф Хакими (Марокко, ПСЖ)

8. Педри (Испания, Барселона)

9. Роберт Левандовски (Польша, Барселона)

10. Нуну Мендеш (Португалия, ПСЖ)

Еске салайық, France Football ұйымдастыратын “Алтын доп”-2025 марапатының салтанатты рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі Шатле театрында өтеді.