ҚПЛ клубына ресми түрде техникалық жеңіліс берілді

ҚПЛ клубына ресми түрде техникалық жеңіліс берілді
Футбол

Sports24.kz

Қазақстан футбол федерациясының Контрольдік, тәртіптік және этикалық комитеті бірқатар шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz Kffleague.kz-ке сілтеме жасап.

20-турдағы «Оқжетпес» – «Жетісу» және «Жеңіс» – «Қайрат» матчтарының хаттамалары, сондай-ақ «Елімай М» – «Жеңіс М» ойыны бойынша инспектор есебі қаралып, Регламент талаптарының бұзылғаны анықталды.

• «Жетісу» сапындағы Нұрбол Ануарбеков бір тур аясында екі клубтың матчына қатысқан. Бұл – Регламентке қайшы әрекет. Нәтижесінде «Жетісу» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілді.

• «Елімай М» клубының ойыншысы Төлeухан Еділхан да рұқсат етілмеген жағдайда алаңға шыққан. Бұл матчтың нәтижесі де жойылып, «Елімай М» 0:3 есебімен жеңілген болып есептелді.