WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты
Бокс

Матч ТВ

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Супер ауыр салмақта Иван Дычко бір саты төмендеп, 35-орынға түсті.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет 15-орыннан 17-орынға сырғыса, Али Ахмедов бір орын жоғалтып, 30-орынға жайғасты.

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов өз дивизионында көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бұл салмақтағы WBC әлем чемпионы – доминикандық Карлос Адамес.

Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов бес саты төмендеп, 38-орынға түсті.

Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов 30-орыннан 33-орынға сырғыды.

Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев бір саты көтеріліп, 31-орынға орналасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 18-орыннан 19-орынға түсті.