«Челси» жанкүйерлері Дастан Сатпаевты туған күнімен құттықтады

«Челси» жанкүйерлері Дастан Сатпаевты туған күнімен құттықтады
Футбол

Offside.kz

Лондондық «Челси» клубының ірі жанкүйерлік аккаунттары X желісінде (бұрынғы Twitter) алматылық «Қайрат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевты 17 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Bassport.kz.

SIR CHUCHO:

«Туған күніңмен, Дастан Сатпаев (17). Келесі жылы кездескенше».

CarefreeYouth:

«Бүгін 17 жасқа толған Дастан Сатпаевты туған күнімен құттықтаймыз. Керемет күн тілейміз».

Айта кетейік, бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында Словакияның «Слован» клубымен кездеседі. Алматыдағы алғашқы ойын қазақстандық команданың 1:0 есебі жеңісімен аяқталды, жалғыз голды Сатпаев соққан еді.

Күтіліп отырғандай, Дастан Сатпаев келесі жылы 18 жасқа толған соң «Челси» сапына қосылады.