Қасым-Жомарт Тоқаевқа таеквондодан қара белбеу табысталды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа таеквондодан қара белбеу табысталды
Басқа

Aqorda

Әлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрметінің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Чунгвон Чоуды таеквондо спортын әлемде дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Достық» орденінің II дәрежесімен марапаттады. Тоқаев бұл кездесудің Қазақстан спорт қауымдастығы үшін маңыздылығын атап өтіп, Әлемдік федерацияның елде таеквондоны өркендетуге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, таеквондо — тек олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген философия. Сонымен қатар, ол Астанада өтетін Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі (G1 санаты) қазақстандық спортшылардың кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына және ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашатынын айтты.

Чунгвон Чоу Қазақстандағы таеквондоны дамытуға көрсетілген тұрақты қолдау үшін алғыс білдіріп, алдағы турнирдің жоғары деңгейде дайындалып жатқанын және елде бұл спортқа қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.