ФИФА Ресей құрамасының Перу және Чилимен ойындарын рейтингке қосады

ФИФА Ресей құрамасының Перу және Чилимен ойындарын рейтингке қосады
Футбол

Vecteezy

Ресей футбол одағы (РФО) ФИФА-дан жағымды жаңалық алды: ұлттық құраманың Перу және Чили командаларымен өткізетін жолдастық кездесулері әлемдік рейтингке есептеледі, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

РФО мәліметінше, Валерий Карпиннің шәкірттері Оңтүстік Америка құрамаларымен оқу-жаттығу жиыны барысында, 12–15 қараша аралығында ойнайды. Перумен кездесу 12 қарашада, ал Чилимен матч 15 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Ресейдің екі қарсыласы да бір-бірімен 18 қарашада өзара кездеседі.