Дастан Сатпаевтың еңбекқорлығы Роналдуға теңелді

Футбол
Offside.kz
Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сатпаевты халықаралық скауттық жоба H Scout in Eurasia жоғары бағалады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Скауттар 17 жастағы таланттың жаттығу тәртібіне деген жауапкершілігін ерекше атап өтті:
«Дастан Сатпаев Криштиану Роналдудың жолымен жүріп келеді. „Бірінші кел, ең соңынан кет“ — бұл ұлылыққа ұмтылғандардың басты қағидасы. Дастан мұны жақсы түсінеді: командалық жаттығудан кейін де жеке дайындалады».
Сондай-ақ, клуб қызметкері түсірген бейнероликте Сатпаев жаттығу трекерін тапсырып жатып, әзілмен:
«Бұл соңғы рет болды» — деген сәті көрсетілген.
Еске салсақ, «Қайрат» Дастан Сатпаевтың «Челсиге» ауысуын ресми түрде жариялаған. Жас ойыншы 18 жасқа толған соң, 2026 жылы лондондық клубқа қосылады.