Жәнібек Абу-Бәкір – джиу-джитсудан Әлемдік ойындардағы алғашқы қазақстандық чемпион

Басқа
Liter.kz
Қазақстандық Жәнібек Абу-Бәкір Қытайда өтіп жатқан Әлемдік ойындарда еліміздің тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз финалда Фарид Бен Алимен кездесіп, тартысты жекпе-жекте соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды. Есеп – 12:9.
Финалға дейін Жәнібек Абу-Бәкір Райан Проагты – 50:0, Фарид Бен Алиді – 17:14 және Ерасмо Паганоны – 20:4 есебімен тізе бүктірді.
Бұған дейін Қазақстан тарихында Әлемдік ойындарда тек екі спортшы жүлдегер атанған болатын: 2022 жылы Галина Дуванова – күміс, ал 2009 жылы Айжан Кукузова – қола медаль жеңіп алған еді.
Енді Жәнібек Абу-Бәкірдің есімі ел спортының алтын парағына жазылды.