Қазақстан боксшылары U-19 Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды

Бокс
Sportburo.kz
Таиландтың Бангкок қаласында өткен 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 медаль иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша алтын медальді Расул Асанханов (90 кг) пен Құралай Егінбайқызы (80 кг) жеңіп алды.
Күміс жүлдеге Әділет Төртүбек (60 кг), Бейбарыс Әшірбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг) және Аяжан Ермек (57 кг) қол жеткізді.
Қола медаль иегерлері: Нұрсұлтан Шілдебай (75 кг), Айым Танкібаева (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Алина Құдайгенова (60 кг), Ақбота Есімбекова (65 кг) және Сабина Жақсылық (80+ кг).