Бек Нұрмағанбет WBC рейтингінен шығып қалды

Бокс
Vesti.kz
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбетті (14-0, 12 KO) суперорта салмақ дәрежесіндегі үздік 15 спортшы тізімінен алып тастады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұған дейін Нұрмағанбет рейтингте 15-орында тұрған, алайда жаңа нұсқада оның есімі үздіктер қатарында жоқ. 2025 жылы ол бір ғана жекпе-жек өткізіп, сәуір айында костарикандық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 KO) алғашқы раундта нокаутқа жіберген.
Айта кетейік, 2021 жылдан бері Бек Нұрмағанбет өткізген барлық жекпе-жегін нокаутпен аяқтап келеді. Оның бұл кезеңдегі ешбір кездесуі үш раундтан ұзаққа созылған емес. Сонымен қатар, ол мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып, онымен үнемі спарринг өткізеді.