Самат Смақов маусымның үздік ойыншысын атады

Футбол
inbusiness.kz
«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Bassport.kz QSport-қа сілтеме жасап.
— Қазір ҚПЛ-дегі ең үздік футболшы кім?
— Қазіргі таңда ерекше көзге түсіп жүрген – Дастан Сатпаев, – деді Смақов.
Биыл 16 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев Қазақстан чемпионатында 19 матч өткізіп, 8 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Қазір ол бомбардирлер тізімінде екінші орында тұр. Айта кетейік, 2026 жылдың тамызынан бастап, кәмелет жасқа толған соң, Сатпаев Лондонның «Челси» клубында өнер көрсететін болады.