Криштиану Роналду «Алтын доп» марапатын сынға алды

Криштиану Роналду «Алтын доп» марапатын сынға алды
Футбол

Sportbox

«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доп» жүлдесі жайлы пікір білдіріп, оны маңызсыз марапат деп атады, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Биыл «Алтын допты» кім алады?
Менің ойымша, бұл – жалған марапат, — деді португалиялық футболшы.

Айта кетейік, Роналду бұл жүлдені бес рет жеңіп алған. Ол 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдары «Алтын доптың» иегері атанған. Ал рекордсмен — Лионель Месси, оның қоржынында сегіз мәрте жеңіп алған жүлдесі бар. Өткен жылы бұл марапат «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родриге берілген. Бірақ, ұзақ уақыт бойы басты фаворит болып «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор саналған еді.