Қазақстан УЕФА рейтингінде екі сатыға көтерілді

Қазақстан УЕФА рейтингінде екі сатыға көтерілді
Футбол

1bol.kz

Алматылық «Қайраттың» Братиславаның «Слованын» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде 1:0 есебімен жеңуі Қазақстанға УЕФА рейтингінде қосымша ұпай сыйлады. Соның нәтижесінде еліміз бірден екі орынға жоғарылап, жаңартылған кестеде 37-орынға жайғасты.

Бұл жетістік 2025/26 маусымдағы елдің жалпы коэффициентін 1.625-ке жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 11.750 ұпай бар.

Еурокубоктағы тағы бір өкіліміз – елордалық «Астана» Швейцарияның «Лозанна» клубына 1:3 есебімен жол берді.

УЕФА коэффициенттер кестесі (үздік 10 және Қазақстан):

1. Англия — 94.839 (4.000)

2. Италия — 84.374 (3.428)

3. Испания — 78.703 (3.750)

4. Германия — 74.545 (3.428)

5. Франция — 67.748 (2.571)

6. Нидерланд — 60.616 (2.666)

7. Португалия — 54.566 (1.900)

8. Бельгия — 52.550 (1.700)

9. Түркия — 42.400 (1.600)

10. Чехия — 39.200 (1.700)

37. Қазақстан — 11.750 (1.625)

Еліміз Босния және Герцеговина мен Косовоны артта қалдырды. Көрсеткіштер алдағы ойындарға байланысты өзгеруі мүмкін.