Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков WTA шешімімен қайта жұмысқа кірісті

olympic.kz
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинамен бұрын жұмыс істеген бапкер Стефано Вуковты қайтадан турнирлерге қатысуға рұқсат етті, деп хабарлайды Bassport.kz The Athletic басылымына сілтеме жасап.
Маусым басында Вуков бір жылға турдан шеттетілген болатын. WTA жүргізген тергеу қорытындысы бойынша, ол кодекс ережелерін бұзған және спортшыға психологиялық қысым көрсеткені анықталған. Сондай-ақ, бұл жағдай спортшы мен бапкер арасында тәуелділік атмосферасының қалыптасуына себеп болған.
Ақпан айында Рыбакина құрамына Давиде Сангвинетти қосылып, қазіргі уақытқа дейін онымен бірге жұмыс істеп келеді. Ал жаздың басында Вуков өз дисквалификациясына қарсы апелляция беріп, оны сәтті жеңіп шықты.
WTA мәлімдемесінде:
«Біз барлық спортшылар үшін қауіпсіз және құрметке толы ортаны қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қауіпсіздік ережелерін бұзуға қатысты кез келген санкция мұқият қаралып, тәуелсіз трибуналда қайта қаралуы мүмкін. Іс мәліметтері құпия сақталады, бірақ Стефано Вуков енді WTA турнирлерінде аккредитация ала алады», – делінген.
Айта кетейік, осы аптада Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін Masters сериясындағы турнирде бақ сынауда. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, Мексика өкілі Рената Заразуаға қарсы ойнайды.