Хабиб Нурмагомедов Ислам Махачевтің мансабын қашан аяқтайтынын мәлімдеді

Жекпе-жек
Чемпионат
Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы, ұйымның Даңқ залына енген ресейлік Хабиб Нурмагомедов өзінің досы әрі жаттығу серіктесі Ислам Махачевтің кәсіби мансабын аяқтау мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
- Менің ойымша, Ислам бір жарым немесе екі жыл ішінде мансабын аяқтайды. Себебі жас өз дегенін алады. Қазан айында ол 34-ке толады. Уақыт келгенде ешкім бұрынғыдай болмайды, адам қартаяды, бұл - табиғи процесс. Уақыты келгенде тоқтау керек. Ал 35 жасқа келгенде спорттан кету - ең дұрыс шешім. Жолды жастарға беру қажет, - деді Нурмагомедов жанкүйерлерімен кездесуде.