IBF рейтингінде қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

IBF рейтингінде қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды
Бокс

Спорт Шредингера

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz. Жаңа тізімде қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің де орны нақтыланды.

Орта салмақ (IBF нұсқасы бойынша):

Әлем чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).

Бірінші орын – бос,

Екінші орын – Этиноса Олиха (Италия),

Үшінші орын – Остин Уильямс (АҚШ).

Екінші жартылай жеңіл салмақ (IBF): Қазақстандық Сұлтан Заурбек бұл салмақтағы үшінші орнын сақтап қалды.

Бірінші және екінші орындар – бос,

Әлем чемпионы – Эдуардо Нуньес (Мексика).

Қазақстандық боксшылардың үздік үштікте болуы – ел боксының халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын көрсетеді.