Qazsport арнасы “Қайрат” – “Слован” матчының көрсетілімінен кейін сынның астында қалды

Футбол
Спорт Шредингера
Кеше өткен Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі “Қайрат” пен “Слован” (Словакия) арасындағы кездесудің тікелей эфирін көрсеткен мемлекеттік спорттық арна Qazsport қазақстандық жанкүйерлердің наразылығына тап болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Match KZ телеграм-арнасының мәліметінше, Qazsport арнасы матчтың интернет арқылы тікелей көрсетілімін шектеп тастаған. Бұл шешім мыңдаған жанкүйердің ойынды көру мүмкіндігінен айырды.
“Qazsport “Қайрат” матчын интернет арқылы көруге мүмкіндік бермеді. Бұл – жанкүйерлерге жасалған сатқындық. Телеканал басшысы Нағи Бақытбековке ұят болсын – бүкіл елді футболсыз қалдырды!” – делінген жарияланымда.
Qazsport тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме әзірге берілген жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде жанкүйерлер арнаның мұндай әрекетін сынға алып, болашақта мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін нақты шаралар қабылдауды талап етуде.