Қытайдағы элиталық дзюдо турнирінде Қазақстан атынан жеті палуан бақ сынайды

Дзюдо
olympic.kz
Циндао қаласында (Қытай) өтетін “Гран-при” турнирінде Қазақстан намысын жеті ерлер құрамасының спортшысы қорғайды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Татамиге шығатын дзюдошылар тізімі:
• 60 кг: Алдияр Қарғұлов, Дәурен Сүйкенов
• 66 кг: Ердәулет Бозша, Нұрмұхамбет Ботабай
• 73 кг: Қуан Барыс
• 81 кг: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек
Аталған жарыс 26–28 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстандық палуандар маңызды додада жүлделі орындардан көрінуді мақсат етіп отыр.