Шотланд басылымы УЕФА Чемпиондар лигасындағы Сатпаевтың ойынына жоғары баға берді

Шотланд басылымы УЕФА Чемпиондар лигасындағы Сатпаевтың ойынына жоғары баға берді
Футбол

Sports24.kz

Шотландиялық The Scottish Sun басылымы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өткен «Қайрат» пен «Слован» (Словакия) арасындағы матчтың нәтижесін қорытындылап, алматылық клубтың 1:0 есебімен жеңіске жеткенін жазды. Матчтың жалғыз голын 90-минутта 16 жастағы ойыншы — Сатпаев пенальтиден суыққанды түрде соғып, командасына маңызды жеңіс сыйлады.

Басылым жас ойыншының сенімді соққысын ерекше атап өтіп, оның талантын жоғары бағалады:

«Челси» клубына бағыт алған 16 жастағы қазақстандық вундеркинд «Селтикке» ескерту жасағандай әсер қалдырды: ол 90-минутта пенальтиді батыл орындады. Ол өте талантты сияқты. Дегенмен, Алматыға ұзақ сапар командалар үшін қиындық тудыруы мүмкін».

Айта кетейік, қарымта кездесу 12 тамыз күні Қазақстан уақытымен 23:15-те Словакияда өтеді.