Уразбахтин 16 жастағы Сәтпаевтың пенальти тебу себебін түсіндірді

Футбол
Әлеуметтік желі
Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың не себепті пенальти орындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
— Неге 16 жастағы ойыншыға мұндай жауапты сәтті сеніп тапсырдыңыздар?
— Ойынға дейін футболшылар кімнің айып добын немесе пенальти орындайтынын нақты біледі. Бұл мәселелер матч барысында шешілмейді. Пенальтиді орындауға тиіс ойыншы – дәл өзі болатын. Бұл жөнінде ешқандай талқылау болған жоқ. Керісінше, командадағы жігіттер оны соққы алдында қолдады, — деді Уразбахтин.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» клубын 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын Дастан Сәтпаев пенальтиден соқты. Сонымен қатар, Рикардиньоның соққан тағы бір голы офсайд себебінен есепке алынған жоқ.
Қарымта кездесу 12 тамыз күні Братиславада өтеді.