WBO Жәнібек Әлімханұлы туралы мәлімдеме жасады

Бокс
Offside.kz
Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) арналған жазба WBO ұйымының ресми Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Жәнібек патша. Қазақстаннан шыққан ерекше дарын», — делінген WBO жазбасында.
Айта кетейік, «Қазақ стилі» лақапатымен танымал боксшы WBO белдігінен бөлек, IBF нұсқасы бойынша да орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие.
Жәнібектің соңғы жекпе-жегі сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде ол франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді.
Әлімханұлының келесі кездесуі күзде өтуі мүмкін. Қарсыласы әзірге нақты белгісіз.