“Қайрат” пен “Слован” арасындағы матчқа арналған бастапқы құрамдар жарияланды

Offside.kz
Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы алдында “Қайрат” пен Словакияның “Слован” клубының бастапқы құрамдары белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
“Қайраттың” старттық құрамы:
Заруцкий, Касабулат, Сорокин, Мартынович, Мата, Тапалов, Арад, Громыко, Жоржиньо, Эдмилсон, Сатпаев.
“Слованның” старттық құрамы:
Такач, Круш, Кашия, Байрич, Блэкмен, Ибрахим, Покорны, Вайсс, Толич, Барсегян, Стрелец.
Ойын Алматыда өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады.
Еске салайық, “Қайрат” бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның “Олимпиясын” (3:1), ал екінші раундта Финляндияның КуПС клубын (3:2) жеңіп, осы кезеңге шықты. Ал “Слован” екінші раундтан бастады және Босниялық “Зриньскиден” 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кету керек, “Қайрат” биылғы маусымда еурокубоктардың жалпы кезеңіне қатысуын алдын ала қамтамасыз етіп үлгерді.