Қазақстан боксшылары тарихи Азия чемпионатының финалы үшін Өзбекстанмен жұдырықтасады

ҚБФ
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U22, World Boxing) жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Финал жолдамасы үшін Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы рингке шығады.
Таңғы бағдарлама (Астана уақытымен 09:00 бастап):
60 кг. Нұрислам Қалдыбаев — Дечен Дорджи (Бутан)
65 кг. Илья Калинин — Марк Эшли Фахардо (Филиппин)
70 кг. Нұрбек Мұрсал — Мұхаммад Ариф Айман (Малайзия)
80 кг. Санжарәлі Бегалиев — Анкуш (Үндістан)
90 кг. Темірлан Мұқатаев — Ечан Мун (Оңтүстік Корея)
Кешкі бағдарлама (Астана уақытымен 15:00 бастап):
48 кг. Гүлназ Бүрібаева — Биндерья Содон-Од (Моңғолия)
70 кг. Бақыт Сейдіш — Парнджал Ядав (Үндістан)
75 кг. Шұғыла Нәлібай — Шрути (Үндістан)
75+ кг. Әсел Тоқтасын — Диёрахон Абдуманнобова (Өзбекстан)