Әбиба Әбужақынова Астанада өз есіміндегі дзюдо клубын ашады

Әбиба Әбужақынова Астанада өз есіміндегі дзюдо клубын ашады
Дзюдо

olympic.kz

Қазақстанның үздік дзюдошысы Әбиба Әбужақынова күтпеген жаңалығымен бөлісті. Ресми ақпаратқа сәйкес, Астанада ABIBA JUDO CLUB атты дзюдо клубы ашылады. Бұл бастама – спортшының есімімен аталатын алғашқы жоба болмақ. Клубтың ресми ашылуы алдағы күндері өтеді.

Әбиба Әбужақынова туралы қысқаша дерек:

• Туған күні: 1997 жылғы 4 шілде

• Туған жері: Ташкент, Өзбекстан

• Қазақстан азаматтығын алған жыл: 2016

• Өкілдік аймақ: Атырау облысы

Жетістіктері:

Өзбекстан атынан:

• 2015 – Азия кубогының жеңімпазы (жасөспірімдер)

Қазақстан атынан:

• 2016 – Азия чемпионатының финалисі (жасөспірімдер)

• 2017 – Әлем чемпионатының финалисі (жасөспірімдер)

• 2021, 2022 – Азия чемпионатының финалисі (екі мәрте)

• 2022, 2023, 2024, 2025 – «Grand Slam» турнирлерінде 8 қола жүлде

• 2022, 2024 – Әлем чемпионаттарында 2 қола жүлде

• 2023, 2025 – Әлемдік Гран-при жеңімпазы

• 2023 – Азия ойындарының күміс жүлдегері

• 2024 – «Grand Slam» турнирінің финалисі

• 2025 – Әлем чемпионатының финалисі

• 2024 – Олимпиада ойындарының қатысушысы (5-орын)

Спорттық атақтары:

• Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері

• Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Әлемдік рейтингтегі орны:

2-орын (5021 ұпай)

Әбиба Әбужақынова – тек татамидегі шеберлігімен ғана емес, ел спортына қосар үлесімен де үлгі болатын спортшы. Өз клубын ашуы – оның спорттан кейінгі өмірге де тыңғылықты дайындалып жатқанын көрсетеді.