Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

olympic.kz
Афинада (Грекия) жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есебі 11 жүлде еншіледі, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Грек-рим күресі бойынша:
• Жанажол Қуанышбек (45 кг дейін) – алтын медаль иегері;
• Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг дейін) және Нұрали Асқар (55 кг дейін) – күміс жүлдегерлер;
• Шамиль Досбол (65 кг дейін) және Марлен Мейірбекұлы (71 кг дейін) – қола жүлдегерлер.
Қыздар күресінде:
• Мадхия Усманова (57 кг дейін) – алтын медаль жеңіп алды;
• Інжу Баққожа (40 кг дейін) және Шахизада Дәулетжан (69 кг дейін) – қола жүлдегер атанды.
Еркін күрес шеберлері қатарынан:
• Данаель Әбдіқасым (51 кг дейін), Бекасыл Асамбек (60 кг дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 кг дейін) – үшінші орынға ие болды.
Қазақстандық жас балуандардың бұл жетістігі – еліміздің күрес мектебінің жүйелі дамуының дәлелі.