Қазақстан күрестен халықаралық турнирге жұлдызды құраммен аттанады

olympic.kz
Польша астанасы Варшавада дәстүрлі Poland Open халықаралық турнирі басталды. Бұл додада Қазақстанның еркін, грек-рим және әйелдер күресінен ұлттық құрама балуандары бақ сынайды.
Турнир бағдарламасы:
• 30 шілде: Грек-рим күресі (72, 77, 82, 87, 97, 130 кг)
• 31 шілде: Грек-рим күресі (55, 60, 63, 67 кг), әйелдер күресі (50, 53 кг)
• 1 тамыз: Әйелдер күресі (55, 57, 59, 62, 65, 68 кг)
• 2 тамыз: Әйелдер күресі (72, 76 кг), еркін күрес (86, 92, 97, 125 кг)
• 3 тамыз: Еркін күрес (57, 61, 65, 70, 74, 79 кг)
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы:
• 60 кг: Айбек Айтбеков, Исхар Курбаев
• 63 кг: Бақытжан Қабдыл, Нұрдәулет Қапас, Сайфулла Құрман
• 67 кг: Төлеген Әмірханов, Дінислам Сағитжан
• 77 кг: Абдиязим Қарабаев, Қахарман Қисыметов, Азат Садықов, Тамерлан Шадукаев
• 82 кг: Ізнұр Абаев, Диас Қалтай
• 87 кг: Тимур Оспанов
• 97 кг: Ерзат Ерланов
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы:
• 50 кг: Светлана Анкичева
• 53 кг: Зейнеп Баянова
• 55 кг: Зульфия Яхьярова
• 57 кг: Лаура Әлмағанбетова, Нилуфар Райымова
• 62 кг: Тыныс Дүбек
• 65 кг: Елена Шалыгина
• 68 кг: Ирина Казюлина, Бейбіт Сейдуалы
• 72 кг: Жамиля Бақбергенова
• 76 кг: Эльмира Сыздықова
Атап өту керек, Қазақстан сапында әйелдер күресінен әлемдік рейтингтің көшбасшысы Жамиля Бақбергенова өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Эльмира Сыздықова да боз кілемге шығады.
Қазақстандық балуандар үшін бұл турнир Париж Олимпиадасына дайындық жолындағы маңызды сында болмақ.