Қазақстан балуаны халықаралық турнирдің финалынан бас тартты

Қазақстан балуаны халықаралық турнирдің финалынан бас тартты
Күрес

ҰОК

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Польша астанасы Варшавада өткен әйелдер күресінен халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Сыздықова жартылай финалда италиялық Энрика Ринальтиден басым түсті. Алайда шешуші белдесуге шықпай, жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Эльмира Сыздықова турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасының қоржынындағы тағы бір медаль – 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Зүлфия Яхияроваға тиесілі. Ол жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола жүлде иеленді.