Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Күрес
olympic.kz
Афинада (Грекия) өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жүлдегерлер қатарында 51 келіге дейінгі салмақта Данаэль Әбдіқасым, 60 келіде Бекасыл Асамбек және 80 келі салмақта Дінмұхамед Қасымбек бар. Барлық спортшылар жарыстың үшінші сатысына көтеріліп, ел намысын абыроймен қорғады.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды АҚШ құрамасы иеленсе, Иран екінші орынмен шектелді. Қазақстанның үздік үштіктен көрінуі — ел спорты үшін үлкен жетістік.