«Қайратқа» Чемпиондар лигасындағы болашағына қатысты жағымсыз жаңалық айтылды

Футбол
kff.kz
Қазақстандық танымал футбол маманы Асқар Қожабергенов Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» пен Словакиялық «Слован» арасындағы тартыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Бұл өте қызықты қарсылас болайын деп тұр. Рафаэль Уразбахтин мен Владимир Вайсс текетіресі күтілуде. Вайсс мырза «Қайратқа», Қайрат Боранбаевқа және жалпы Қазақстанға үнемі жылы лебіз білдіріп жүреді. Ол еліміз жайлы жақсы естеліктермен бөлісетінін білемін. Өтуге мүмкіндік бар, бірақ шындыққа тура қарасақ, «Слован» сәл мықтырақ. Егер «Қайрат» осы екі ойынның қорытындысы бойынша ұтылып қалса, оған ешкім өкпе айтпайды, — деді Қожабергенов.
Айта кетейік, қос команданың алғашқы кездесуі 6 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы — 20:00-де. Жауапты матч 13 тамызда Братиславада ұйымдастырылады. Ол ойын Астана уақытымен 23:15-те басталады.