Бактиер Зайнутдиновтың трансфері: ресейлік клуб қанша төлегені белгілі болды

Футбол
ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов ресми түрде Стамбұлдың «Бешикташынан» Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) клубына ауысты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, бұл трансфер үшін мәскеулік клуб 2,8 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеген. Бұған дейін жарияланған ақпараттар бойынша, Зайнутдинов жаңа командасымен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.
Еске сала кетейік, Бактиер «Бешикташ» сапында 2023 жылдан бері ойнаған. Бұған дейін ол Ресейдің ЦСКА және «Ростов», сондай-ақ қазақстандық «Астана» мен «Тараз» клубтарында доп тепкен.