Криштиану Роналду Испанияға қайта оралады

Футбол
Әлеуметтік желі
Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында өнер көрсететін әйгілі шабуылшы Криштиану Роналду Испанияда өтетін жолдастық кездесуге қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz.
10 тамыз күні «Аль-Наср» Испанияның «Альмерия» командасымен бақ сынайды. Бұл матч Сегундада (Испания чемпионатының екінші деңгейі) ойнайтын «Альмерия» үшін жаңа маусым алдындағы соңғы бақылау ойыны болмақ.
Айта кету керек, Криштиану Роналду «Альмерияның» жаңа иесі Мохаммед әл-Харейджимен жақын достық қарым-қатынаста. Тіпті, биыл мамыр айында шетелдік БАҚ Роналдудың аталған клубтың ортақ иесі атануы мүмкін екенін жазған болатын.
Еске сала кетейік, «Альмерия» 2024 жылы Ла Лигадан шығып қалып, екінші маусым қатарынан Сегундада ойнайды.