Қазақстан дзюдошылары Моңғолиядағы Grand Slam турнирінде жүлдесіз қалды

Дзюдо
IJF
Улан-Батор қаласында (Моңғолия) дзюдодан әлемдік Grand Slam сериясына жататын ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Аталған жарыста Қазақстан намысын сегіз дзюдошы қорғады. Алайда ұлттық құраманың ешбір өкілі жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Командадағы ең үздік нәтижені Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) пен Ермахан Ануарбеков (90 келіге дейін) көрсетті — екеуі де бесінші орынмен шектелді.
Ал Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жарысты жетінші орынмен аяқтады.