MLS Лионель Месси үшін ережесін өзгертпек

Футбол
BBC
АҚШ-тың Бас лигасы (MLS) аргентиналық жұлдыз — Лионель Мессиге қатысты ережелерді қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы лига комиссары Дон Гарбер мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.
Еске салайық, 38 жастағы Месси Жұлдыздар матчына қатыспағаны үшін бір ойыннан шеттетілді. Бұл лигада бұрыннан келе жатқан талап – егер ойыншы шақырту алып, матчқа келмесе, келесі ойында алаңға шығуға құқығы жоқ.
— «Мен Лионель Мессидің лигаға деген махаббатын білемін. Ол MLS үшін бәрінен де көп еңбек сіңірді деп ойлаймын. Оның „Интер Майами“ клубына деген адалдығына құрметпен қараймын және шешімін түсінемін. Алайда, бізде Жұлдыздар матчы бойынша ескі саясат бар және біз оны орындауға мәжбүр болдық. Бұл – өте қиын шешім болды. Болашақта бұл ережені қайта қарап, ойыншылармен ақылдаса отырып өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді Гарбер ESPN-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Месси MLS-ке келгелі лиганың әлемдік танымалдығы күрт өсті. Сондықтан оның ойыннан шеттетілуі қоғамда кең талқылануда.