«Манчестер Сити» Хусановтың орнына 57 миллион еуроға қорғаушы сатып алмақ

«Манчестер Сити» Хусановтың орнына 57 миллион еуроға қорғаушы сатып алмақ
Футбол

MC

Ағылшынның атақты «Манчестер Сити» клубы қорғаныс шебін күшейту мақсатында «Ньюкасл Юнайтедтің» оң қапталдағы қорғаушысы Тино Ливраментоны қатарға қосуға ниетті, деп жазады Bassport.kz.

TBR Football мәліметінше, «Сити» 22 жастағы англиялық футболшы үшін 57 миллион еуродан астам қаржы төлеуге дайын. Бұл трансфер клубтың жаңа маусым алдында қорғанысты нығайтуды көздейтінін білдіреді.

Transfermarkt порталының деректеріне сәйкес, Ливраментоның нарықтағы бағасы – 40 миллион еуро. 2024/25 жылғы маусымда ол барлық турнирлерде 45 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген және үш сары қағаз алған.