Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралатынын айтып, UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады

Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралатынын айтып, UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады
Жекпе-жек

UFC

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өзінің көптен күткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, келесі қарсыласы туралы да ойын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Қазір жарақатымды емдеп жатырмын. Жыл соңына дейін қайтып оралғым келеді. Қараша-желтоқсан айларында. Егер бәрі сәтті болып, өзімді жақсы сезінсем – керемет болар еді, – деді спортшы UFC Eurasia арнасына берген сұхбатында.

— Қарсылас ретінде біреуді белгілеп қойдың ба?

— Қазіргі таңда титулдық жекпе-жек өткізгім келеді. Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена айқасатын болды… Маған бәрібір. Кім болса да болады, ең бастысы — менің толық дайын болуым, – деп нақтылады Рахмонов.

Еске салайық, «Номад» лақап атымен танылған Шавкат соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында айқасқа шыққан. Ол кезде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан қабылданған шешімімен жеңген болатын.