Асу Алмабаев UFC-де кезекті жеңісіне қол жеткізді

Асу Алмабаев UFC-де кезекті жеңісіне қол жеткізді
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3) кәсіби мансабындағы 22-жеңісін иеленді. Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде октагонға көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл жолы оның қарсыласы – Перу елінің өкілі Хосе Очоа (8-1) болды. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Асу Алмабаевқа берілді.

Осылайша, Асу UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізіп, өзінің кәсіби рекордын 22-3-ке жеткізді. Ал UFC-дегі көрсеткіші 5-1 болып жаңартылды.

Еске салсақ, оның жалғыз жеңілісі алдыңғы кездесуінде тіркелген еді – ол кезде Асу үшінші раундта анголалық Манел Капеден (21-7) нокаутпен жеңілген болатын.