«Реал» Винисиус Жуниорды сатуды қарастырып жатыр

BBC
Мадридтік «Реал» клубының басшылығы 25 жастағы бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниормен келісімшартты ұзарту бойынша ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Бұл жағдай шабуылшының 2026 жылы сатылуына әкелуі мүмкін, деп жазады Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
Defensa Central порталының мәліметінше, қазіргі келісімшарт 2027 жылдың маусымында аяқталады. Алайда тараптар оны ұзарту туралы келіссөздер барысында айтарлықтай алшақтыққа тап болған. Винисиус өз табысын Килиан Мбаппенің деңгейіне жеткізуді талап етуде, ал клуб бұл шарттарға келіспеуге бейіл.
Егер алдағы уақытта келісімге қол жеткізілмесе, «Реал» Винисиусты 2026 жылдан кешіктірмей трансферге шығармақ.
Айта кетейік, Винисиус Жуниор 2025 жылдың жазында өткен клубтық әлем чемпионатында алты матчқа қатысып, бір гол мен бір нәтижелі паспен көзге түсті.