Қазақстандық дзюдошылар Универсиада-2025 жарысында алғашқы медальдарын жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Универсиада-2025 жарысында алғашқы медальдарын жеңіп алды
Дзюдо

ҰОК

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиада-2025 додасында Қазақстан құрамасы сәтті бастама жасап, дзюдо бәсекелерінің алғашқы күнінде екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Аман Бақытжан үшінші орын үшін өткен белдесуде Грузия өкілі Лука Модебадзені сенімді түрде жеңіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрқанат Серікбаев украиналық спортшы Микита Холобородьконы ұтып, жүлделі орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, Универсиада 16 шілдеде басталды, жарыс 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан атынан 76 спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 12 түрінен ел намысын қорғайды.