Қуат Хамитов билікке наразылығын білдіріп, президенттікке кандидат болатынын мәлімдеді

Басқа
Қазақстандық танымал ММА жауынгері Қуат «Найман» Хамитов Президент сайлауына қатысуға ниетті екенін ашық жариялады. Бұл туралы спортшы Threads әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Қысқасы, мен 2045 жылы президенттікке кандидат болуға шешім қабылдадым! Мен олардан несімен кеммін? Мен, кейбіреулер сияқты, халқымның қаны арқылы байыған жоқпын ғой!» – деді спортшы.
Қуат Хамитов бұған дейін де өз саяси және азаматтық көзқарастарын ашық білдіріп жүрген тұлғалардың қатарында. Бұл жолы да ол билікке деген наразылығын жасырып қалмады. Желі қолданушылары тарапынан болған сын пікірлерге спортшы былай деп жауап қайтарды:Посмотреть в Threads
«Осы елді 30 жыл бойы “ақылды” дегендер басқарды. Ал бүгінгі жағдай қандай? Өз көзімізбен көріп отырмыз».