Әйгерім Әбілқадырова Байзақованы жекпе-жекке шақырды

Әйгерім Әбілқадырова Байзақованы жекпе-жекке шақырды
Жекпе-жек
Танымал қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадырова белгілі блогер Айжан Байзақованы жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол "EASY SHOW" Youtube-арнасына берген сұқбатында хабарлады. Спортшының айтуынша, егер ықтимал қарсыласы келісімін берсе, шайқас POP-MMA ережелері бойынша өтеді. Сондай-ақ, Ә. Әбілқадырова өзінің сұқбатында қараша айына жоспарланған дзюдодан Қазақстан чемпионатына дайындалып жатқанын хабарлады. Спортшының сөзінше, ол 2 жылдан кейін Парижде өтетін Олимпиадаға қатысып, жүлдегер атануды мақсат етуде. Бұдан бөлек, спортшы дзюдодан джиу-джитсуға ауысуы мүмкін екенін де айтты. Айта кетейік, POP-MMA - бұл Youtube желісінде транслянцияланып өткізілетін жекпе-жектер (ММА, жұдырықтасу). Pop-MMA-ға әуесқойлар да, кәсіби спортшылар да қатыса алады. Еске салайық, Әйгерім Әбілқадырова – елімізде тұңғыш рет грэпплингтен әлем чемпионы атанған спортшы. Дзюдодан Азия чемпионы, Қазақстанның 11 дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, ол Италияның Неаполь қаласында өткен MISS EUROPE CONTINENTAL – 2022 халықаралық сұлулық конкурстың бас жүлдесін иелеген. https://www.youtube.com/watch?v=cVBhyEOFSKM