UWW Садулаевтан бөлек, тағы екі ресейлік балуанды жарыстан шеттетті

UWW  Садулаевтан бөлек, тағы екі ресейлік балуанды жарыстан шеттетті
Күрес

Біріккен күрес әлемі Ресей құрамасының екі үздік балуанын ресми жарыстардан шеттетті, деп жазады Bassport.kz.

Грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақтағы екі спортшы – Сергей Степанов пен Сергей Кутузов халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айырылған.

Қазіргі таңда ресейлік «классиктер» қоржынында 87 және 130 келі салмақта екі жолдама бар.

Айта кетелік, бүған дейін UWW бес дүркін әлем, екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевты халықаралық турнирлерден шеттеткен болатын.