Арман Оспанов спортшыларға тойға баруды азайтуға кеңес берді
Жекпе-жек
instagram.com/arman__ospanoff
Арман Оспанов Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа және өзге де спортшыларға тойға әуес болмауға шақырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
«Вестник ММА-ге» берген сұхбатында Арман кезінде өзі де осыдан зардап шеккенін алға тартады.
Бізде, қазақтарда, той көп. Қазақстанның барлық жерін аралап шығуың керек. Спортшыларды құртатыны осы. Өзім де осыдан өткенмін. Шавкат пен Асуға айтарым, мақсаттан аумау керек, бар назарды жаттығуға аудару қажет, - деді Арман.
Бұған дейін Азат Мақсұмның менеджері Нұраддин Садықов та тойдың кері әсері туралы айтқан.
Негізінен ең жақын деген адамдары ғана айттық. Азатқа тойға баруды азайт дегенбіз. Өкінішке қарай, бұл жалғаса берді. Тиісінше жаттығу сапасына кері әсер етті. Артық салмақ пайда болды. Нәтижесін өздеріңіз де көрдіңіздер, - деген еді ол.