Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде Соболенконы басып озды

Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде Соболенконы басып озды
Теннис

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында келеді, деп жазады Bassport.kz. 

Қазақстандық теннисшінің 3 583 ұпайы бар. Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұр.

Әлемнің 2-ракеткасы, беларусьтық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.

Осы аптада Елена Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, Арина Соболенкоға жол берген еді.

Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.