Қазақстанды ірі есеппен жеңген Канада жастары хоккейден әлем чемпионы атанды

Қазақстанды ірі есеппен жеңген Канада жастары хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей

Финляндияда жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталып, жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Финалда АҚШ пен Канада құрамалары кездескен болатын. Тартысты матчта канадалықтар 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар ойын барысында жеңіліп жатқанын айта кету керек. 

Канадалықтар сапынан Гевин Маккенна үш шайба соғып, хет-трек жасады. 

Еске сала кетейік, аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысқан болатын. Біздің спортшыларр Канадаға 3:11 есебімен жол берді. 

Ал элитада қалу құқығы үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Норвегиядан ұтылды.