Қазақстандық таеквондошылар Азия іріктеу турниріне қатысады

Қазақстандық таеквондошылар Азия іріктеу турниріне қатысады
Жекпе-жек

ҚР ҰОК

Қытайда өтетін іріктеу турниріне қатысатын қазақстандық таеквондошылар анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

15-16 наурыз аралығында Тайань қаласында (Қытай) таеквондодан Азия іріктеу турнирі өтеді.

Қазақстан атынан Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Жансель Дениз (67 келіден жоғары), Самирхон Абабакиров (58 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) Париждегі Олимпиада ойындарының жолдамалары үшін таласады.