Бекзат Алмахан Хабиб Нурмагомедовтің туысынан жеңілді

Бекзат Алмахан Хабиб Нурмагомедовтің туысынан жеңілді
Жекпе-жек

UFC лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақ файтері Бекзат Алмахан ресейлік Умар Нурмагомедовтен жеңілді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жеңіл дивизион рейтингінде 13-ші орында тұрған Бекзат пен 28 жастағы Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінде басты картада өтті. Төрешілердің шешімімен үш раунд қорытындысы бойынша ұпай санымен Умар Нурмагомедов жеңімпаз атанды.

Бекзат болса тізесін ауыр жарақаттап алғанын айтты. Жекпе-жектен кейін оны ауруханаға алып кетті.

Еске салайық, Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған еді. Кейін оның промоушендегі алғашқы қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтің туысқаны Умар Нурмагомедов болатыны анықталды.