Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде көз жұмды

Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде көз жұмды
Жекпе-жек

Аралас жекпе-жектен өткен жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатында 17 жастағы Қанат Ахунов қайтыс болды, деп жазады Bassport.kz.  

Спортшы турнирдегі екінші кездесуінде көз жұмды. Ал бірінші жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.  Жеке бапкерінің айтуынша, Қанат ұзақ үзілістан соң жаттығуды қайта бастаған.

"Денсаулығына қатысты шағымы болған жоқ. Ол кикбоксингтен әлем чемпионы. Менде дайындалып жүргенінен үш ай болған. Осы кездесудің екінші раундына шығар кезде жүрегі айнығанын айтып, капасын шешіп тастады. Сол кезде бірдеңені сезгем", - дейді бапкері Эльвин Агаев. 

Айта кетелік, бүгінде аталған қайғылы оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиға 31 наурыз күні болған.