«Барысқа» қатысты болашақтан үміт күттірер жаңалықтар жарияланды

«Барысқа» қатысты болашақтан үміт күттірер жаңалықтар жарияланды
Хоккей

olympic.kz

ҚХЛ-да өнер көрсететін елордалық «Барыс» хоккей клубы алдағы маусымға дайындықты күшейтуде. Bassport.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлағандай, командаға шетелдік ойыншыларды тартуға арналған 1,998 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлетін демеуші табылды. Бұл туралы Telegram желісіндегі «Штаб Хоккеиста» арнасы мәлімдеді.

Бұған қоса, клубтың бапкерлік құрамында да өзгеріс орын алуы мүмкін. Қазіргі таңда команданы жаттықтырып жүрген Ғалым Мамбеталиевтің орнына шетелдік маман келуі ықтимал екені айтылуда.

Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 12-орын иеленіп, 68 ойынның 54-інде жеңіліске ұшырады. Жинаған ұпай саны – 35. Команда үшін бұл нәтиже үлкен өзгерістер қажет екенін көрсетті. Жаңа демеушінің қолдауы арқылы «Барыс» жаңа маусымда жоғары нәтижеге қол жеткізуге ниетті.